Елорда тынысы

Масаға қарсы дезинсекция

Шаһарда шыбын-шіркей мен масаға қарсы дезинсекция жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар қаланың саябақтарын, бос аумақтарды арнайы ерітінді­мен өңдеді. Өңдеу жұмыстары шыбын-шіркейлерді, масалардың санын азайтумен ғана шектеледі. Оның барысында ұсақ жәндіктер ­жойылып кетпейді.

[smartslider3 slider=2874]

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жұмыстарын жүргізіп жатыр. 26 сәуірден бастап біз қаланың сыртындағы су қоймаларын өңдеуді бастағанбыз. Қазіргі уақытта қаланың ішкі аумақтарын өңдеуге кірістік. Бұл жұмысқа 150-ден аса маман, 4 дезмашина жұмылдырылды. Сол сияқты термогенераторлармен жұмыс істейтін 4 бригада болады. Қаламызды 150 учаскеге бөлдік. Осы учаскелерде 10 бригада жұмыс істейді. Әрқайсысында 9-10 адам бар. Биыл E-Knot қосымшасымен қала тұрғындарын ескертіп отырамыз. Сол себепті осы қосымшаны қала тұрғындары телефондарына көшіріп алғаны жөн. Бұл қосымшада қаланың қай тұсы қай уақытта өңделетіні ескертіледі» деді аталған басқарма басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button