ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Мәселе шешімін күтеді

Қалалық мәслихат депутаты Ләззат Разбекова-Төлеуханова Байқоңыр ауданындағы Ғұмар Қараш көшесінің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, жағдайды білді.

[smartslider3 slider=752]

«Nur Otan партиясының «Жол картасы» аясында Нұр-Сұлтан қаласының Ғұмар Қараш көшесі тұрғындарымен кездесіп, Үкіметке айтар уәжін тыңдадым» дейді депутат.

Біріншіден, елорданың қақ ортасында тұрса да, тұрғындарда су, жарық, канализация сынды өмір сүруге ең қажет тетіктер іске қосылмаған.

Екіншіден, әкімдіктің мақұлдауымен бұл көшедегі үйлерді сүруге жіберу шешімі талай жыл бұрын бекітілген. Бірақ үйлердің жағдайы құлап қалу алдында тұрса да, әлі күнге бұл мәселе шешілмей отыр.

Үшіншіден, тұрғындардың құрылыс жасауына, үйлеріне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуіне тыйым салынған. Әрі бұл үйлердің құрылыс материалдары – өртену қаупі жоғары материалдар.

Төртіншіден, Ғұмар Қараш көшесінің бас жағында 20 жыл бойы құрылысы бітпей тұрған ғимарат бар. Яғни күн сайын тұрғындар сол шаң мен тозаңды, камаз, техника иісін жұтып отыруға, үлкен машиналар ойып кеткен жолдармен жүруге, көктем мен күз айларында батпақ кешуге мәжбүр. Кейде тіпті үлкен құрылыс көліктерінің кесірінен тап-тар көшелерден жаяу да өте алмай қалады.

Депутат тұрғындардың арыз-тілегін тыңдаған соң, жауапты орган басшыларымен хабарласып, ресми хат жолдағанын айтты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button