Жаңалықтар

Мәслихат депутаттары Әділбек Жақсыбековті қолдады

1-(1)

Кеше елордада бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне елорда әкімін тағайындау мәселесі шығарылды деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Сессия барысында халық қа­лаулылары Мемлекет басшысының Астана қаласының әкімі қызметіне Әділбек Жақсыбековті тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
– Ең алдымен, көрсетілген сенім үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының сайлаудағы жеңісімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Өздеріңіз білетіндей, Президент бес институционалды реформаны жариялады. Оларды жүзеге асыру үшін барлығымыз бірдей жұмылуымыз қажет. Елорданың көрікті келбетін одан әрі қалыптастырып, Елбасының бағдарламаларын іске асыруымыз керек, – деді қала әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button