Мәдениет

Масляков «Спарта Номадты» мойындады

2017 жыл КВН ойындарында 17 жыл бойы өнер көрсетіп жүрген «Казахи» мен олардың ізін жалғаған «Спарта Номад» командасы үшін жемісті болды. Мәскеуде өзге ұлттың арасында қазақы қалжыңымен көзге түскен командалар финалға төрт рет ілігіп, бірі Жазғы кубоктың жеңімпазы атанса, екіншісі – екі бірдей жүлде – Голосящий КиВиН мен КВН Жоғары лигасының кубок иегері атанды.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар клубтың жазғы маусымы осы жолы Астанада өткізіліп, әлемдік маңызы бар «ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандандырылған көрмесіне тұспа-тұс келді. Бүгінде біз «КВН» мектебінен шыңдалып шыққан Тұрсынбек Қабатов, Нұрлан Қоянбаев, Даут Шайхисламов, Гүлнәр Силбаева, Малик Хасенов, Санат Шапашов және тағы бір топ ойыншылардың жеткен жетістіктеріне
куәгерміз. Біраз уа­қыт өте келе олар қай­тадан бірігіп, сахна алдына шығып, өнер көрсетіп, алтын кубокқа лайық деп танылды. Жігіттер «Туған жердің топырағы ыстық» екендігін жасырмады. Топтың белді мүшесі Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, қазаққа тән жұмсақ әзіл көпшіліктің көңілінен шықты. Ал топ мүшесі Санат Шапашов «Біз әзірлеген әр қалжың сарапқа салынып, 6 күн бойы редакцияланады. Егер қойылымдар талап­қа сай болмаса, сценарийді қайтадан жазамыз. Көбісі КВН шоу-бизнеске айналғандығын білмейді. Командада ойыншылардан бөлек қосалқы авторлардың болуы – заңдылық. Бізге атақты КВН-шы Сан­гаджи Тарбаев көмектесті. Сангаджи қазаққа жиен, тіпті Мақпал тәте мен
Тұрсынбек жерлес» деп
КВН-ның қыр-сырымен бө­лісті. Құрама ойыншылары жазғы кубоктың жеңімпаздарына берілетін 400 мың рубльді науқас Нияз Сүндет­алиевтің есепшотына аударды. Осылайша, Нияздың өзгеге жасаған сыйы өзіне қайтып келді.
Жыл соңына қарай қазақ тағы қуанды. «Спарта Номад» құрамасы намысты қолдан бермей, көпшілікті таңғалдырып қайтты. Тіпті, алғашында «Радио Свободаға» жанкүйер болған КВН тізгіншісі Александр Масляков, соңында «Спарталықтарды» мойындады. Бұл туралы топ капитаны Данияр Жұмаділов «Әдетте, бірінші орын ойынды жабатын командаға беріледі. Біз бес құраманың ішінде екінші болып ойнадық. Сондықтан есте қалу оңай болмады» деді. «Спарталықтар» ойынды да әдемі аяқтады. Ең соңғы сайыста олар бір сахна төрінде барлық қазақстандық КВН ойыншыларын жинап, бірге өнер көрсетті.
1999 жылдан бері Қазақ­стан құрамасы жеңіске ұм­тылып, алтын кубокты ие­-
ленуді армандады. Сол себепті, алтын кубок еліміздің Тәуелсіздігіне арналды. Бұл жеңіс күллі қазақтың жеңісі деп білу керек.
Айта кетейік, 3 миллионға жуық көрермені бар КВН ойынының соңғы эфирін бүгін «Бірінші арна» телеарнасынан тамашалауға болады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button