Ел тынысы

Маусым айының соңына дейін мыңнан астам астаналық әскерге жіберіледі

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Әскери қызметке көктемгі шақырудың басталуы туралы Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков пен Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықовтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы
1 ақпандағы №443 Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы
1 наурыздан жергілікті атқарушы органдары әкім орынбасарларының басқаруымен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары  азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.

2024 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын  әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңнан астам ер азамат әскери қызметке шақырылады. Астана қаласынан          1 000-нан астам азамат әскерге жіберіледі.

Бүгінде әскерге шақырудың ерекшелігі: ағымдағы жылдың наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери командаларын қалыптастыру кезеңінде әскери-теңіз күштері мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін жас өрендермен жасақтау. Қарулы Күштерді тапшы мамандықтар бойынша әскерге шақырылушылармен жасақтаудың өңірлік қағидаты, әрі қарай келісім шарт бойынша әскери қвзметке орналаса алады. Келісімшарт бойынша әскери қызмет – тұрақтылық, әлеуметтік қолдау мен мансаптық өсу кепілі десе болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мерзімді әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мерзімді әскери қызметтің беделін арттыру жөніндегі жұмысты жолға қойды. Бүгінгі күні мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне кредиттік демалыстар беру жөніндегі іс-шаралар іске асырылды.

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқу орталықтарында әскери қызметшілерге мемлекеттік үлгідегі куәліктер бере отырып, әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлау жүргізіледі. Экономиканың нақты секторында сұранысқа ие мамандықтар ерекшеліктері ескеріледі. 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері Қорғаныс министрлігімен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар үшін білім беру секторында қосымша жеңілдіктер беру туралы келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда әскерде борышын өтеген 180-нен астам азамат тегін негізде, 400-ден астам қазақстандық ақылы негізде жоғары оқу орындарына түскен. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмыстары жалғасуда.

Әскерге шақырылуға тиісті ер азаматтарды хабардар ету олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін дербес шақырту қағазын жолдау және 1414 қызметінің SMS-хабарламалары арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы болады.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады және азаматтарға Электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады. Аталған қызметтерді көрсетуге жауапты жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button