Жаңалықтар

Медбикелер мерейін өсірді

12 мамыр – халықаралық медбикелер күні. Осы күнді елорда бес жыл қатарынан атап өтіп келеді. Сейсенбі күні №1 қалалық ауруханада салтанатты шара өтіп, медициналық қызметкерлерді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаева құттықтады.

Салтанатты жиынды ашқан басқарма басшысы елорда ме­дицинасының сапалы деңгейге жетуіне медбикелердің еңбегі үлкен екенін атап өтті.
– Денсаулық сақтау жүйе­сінде профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінетіні белгілі. Бұл шаруа­лардың басы-қасында көбені медбикелер жүреді. Сондықтан бұл мамандық иелеріне артылып отырған жауапкершілік үлкен. Қазіргі заманғы медбике білікті әрі инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Бұрынғыдай ол дәрігердің көмекшісі ғана емес, сырқаттың денсаулығына байланысты өз бетімен шешім шығара алатын деңгейге жетуі қажет. Бүгінгі медицина саласы соны талап етіп отыр. Сондықтан медбикелер замана көшінен қалмай, үнемі білімін жетілдіріп отыруы тиіс, – деді Айгүл Кимқызы.
Бұдан кейін басқарма басшысы елордада еңбек етіп жатқан 100-ден аса медициналық қызметкерді құттықтап, ал­ғысхаттар табыс етті.
Жыл сайын Астанада үздік медбикені анықтауға арналған конкурс өтеді. Биылғы сайысқа 37 медициналық ұйымныі әрқайсысынан үш медибкеден ұсынылыпты. Олардың ішінде лайықтылары үздік деп танылды.
Марапаттау рәсімінен кейін медбикелердің құр­метіне мерекелік концерт ұйым­дастырылды. Әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой-пікірімен бөлісті.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button