Жаңалықтар

Медиаторларға арналған семинар

Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық медиаторларына арналған семинар өтті. Шараны Ішкі саясат басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=2105]

Семинар жұмысына кәсіби және қоғамдық медиаторлар – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде медиация тетіктерін пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Кездесуде медиацияның қазіргі қоғамдағы рөлі, этномедиацияның ерекшеліктері талқыланды, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың барлық салаларында медиация институтын дамыту қажеттілігі атап өтілді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button