Елорда тынысы

Медицина мәселелері сөз болды

Парламент Сенатында «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» тақырыбына арналған үкімет сағаты болды. Отырыс Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өтті.

Үкімет сағаты барысында республиканың денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Юрий Пя баяндама жасады.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемаларды талдады.

– Биылғы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Астана тұрғындарының саны 101 мың адамға өсті, елордалық емханаларда күн сайын 20 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі. Елордадағы басты мәселелердің бірі – халыққа жедел көмек көрсетудің мүмкіндігі, яғни қолжетімді болуы және адам санының көбеюімен бірге медицина персоналдарына түсетін жүктеменің шамадан тыс артып кетуі деуге болады, шамадан тыс жүктеме 150 пайызды құрайды, – деді халық қалаулысы.

Шынында, Астана қаласында әлеу­меттік инфрақұрылымның дамуы талапқа сай дей алмаймыз. Бас қалада демографиялық көрсеткіш жоғары, оның үстіне, ішкі миграцияның әсерінен халық саны бірнеше есеге өсті. Мұның бәрі әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешу керектігін көрсетіп отыр.

– Жалақы, салықтар мен дәрі-дәрмектер ұйымның жалпы шығынының 90 пайызын құрайды, бұл медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығының жеткіліксіздігін көрсетеді. Елордада емханалар мен ауруханалар салу жеке инвесторлар үшін тартымды емес. Мотивацияның қарапайым және қолжетімді құралдары болуы керек, мысалы, инвестициялық шығындарды ішінара жабу. Кейбір МСАК ұйымдарында СОБМБ шеңберінде де, МӘМС шеңберінде де жасалған келісімдер бойынша қаражат іс жүзінде жоқ екендігіне қарамастан, консультативтік-диагностикалық қызметтерді жеткіліксіз қаржыландыру мәселесін көтердім. Бұл дәрі-дәрмек пен қызметтер үшін және салық төлемдері бойынша қарыздың жоғары тәуекеліне әкеледі, – деді Ерлан Қаналимов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button