Мәслихат

Медицина майталманының мерейтойы

Астана қалалық мәслихатында ел медицинасының дамуына зор үлес қосқан тұлға Балхия Сүлейменованың 75 жылдығына орай жиын өтті. Медицина ғылымдарының кандидаты, көптеген оқу және әдістемелік құралдардың авторы Астана қаласы ­мәслихатының I сайланым депутаты ретінде де қоғамдық істерге араласқан.

Балхия Абдулбахиқызы 2000 жылдан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық көмек көрсету орталығында штаттан тыс маман ретінде еңбек етті.

«Мерейтой иесі еліміздің денсаулық сақтау саласындағы үздік жетістіктері үшін жоғары бағаланып, көптеген марапатқа ие болды, соның ішінде «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі бар. Депутаттар, әріптестері, серіктестері мен шәкірттері мерейтой иесін құттықтап, мол бақыт, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша Балхия Абдулбахиқызына шапан сыйға тартылды» деді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Бүгінгі таңда Балхия Абдулбахиқызы педагогикалық қызметін жалғастырып, елордамыздың өміріне белсене қатыса отырып, жас ұрпақ үшін өнегелі тұлға болып еңбек етуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button