Медицинадағы “Кәсібінің үздігі” анықталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында «Кәсібінің үздігі» бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Конкурс медициналық мамандықтардың беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің қоғамдағы дәрігер мәртебесінің маңыздылығын үнемі атап өтеді. Мемлекет сіздің жұмысыңызды түсінеді және бағалайды. Биыл медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге, заңгерлік және қаржылық жағынан қорғауға бағытталған маңызды заңға қол қойылды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
«Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының бастамасымен біздің үш дәрігерімізге адамдардың өмірін сақтап қалу және отандық медицинаны дамыту ісіндегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді. Бүгін біз сондай – ақ «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының жеңімпаздарын, біздің ең лайықты дәрігерлерімізді, ғалымдарымызды, провизорларымызды, мейіргерлерімізді, менеджерлерімізді және саланың дамуына елеулі үлес қосқандардың барлығын бірінші рет атап өтеміз, жоғары кәсіби қасиеттерді, тектілік пен жанқиярлықты көрсеттік», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Жыл сайынғы «Кәсібінің үздігі» байқауы — бұл үздіктердің үздіктерін бөліп көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар барлық медицина қызметкерлері үшін кәсіби өсуге шабыт. 16 номинацияның жеңімпаздары лайықты танылып қана қоймай, 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.
«2025 жылды біліктілікті арттыру жылы деп жариялаймыз. Бұл біздің дәрігерлерімізге, оқытушыларымызға және жас мамандарға қосымша білім мен құзыреттілік, тәжірибе мен қолдау алуға бағытталған маңызды қадам. Өздеріңнің баға жетпес тәжірибеңді бере, олардың кәсіби өсуіне көмектесе отырып, сіздердің әрқайсыларыңызды жас әріптестеріңізге тәлімгер болуға шақырамын», – деді министр конкурстың жеңімпаздарына.
Түрлі бейіндегі және қызметтердегі медицина қызметкерлері 16 номинация бойынша марапатталды: «Стационардың үздік дәрігері», «Жедел жәрдемнің үздік дәрігері», « Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері”, «Ауылдың үздік дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Стационардың үздік мейіргері», «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері», «Үздік ауылдық мейіргер», «Үздік фельдшер», «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Медициналық колледждің үздік оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Денсаулық сақтау саласынык үздік менеджері», «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы», «Үздік провизор».
2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қабылданған заңға сәйкес ауылдық жерлерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтар бойынша дәрігерлер 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн. теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шеңберінде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК немесе 9,2 млн.теңгеден аспайтын сомада бюджеттік кредит мөлшері ұлғайтылды.
Медицина қызметкерлерінің балалары үшін жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі ұйымдарда басым тәртіппен орын беруді көздейді.
Қызметтік міндеттерін орындау нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедектігі белгіленген медицина қызметкерлерінің балаларын конкурстан тыс жоғары оқу орындарына қабылдау.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет биыл Мемлекет басшысы 1000 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы ынталандыру төлемімен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері) құрметті атағын берді.