Медициналық нысандардың шетелдікерді қарсы алу дайындығы тексерілді
Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық нысандар мен санитарлық қызметтердің шетелдік қонақтарды қарсы алуға дайындығы тексерілді деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.
Бүгін ведомство басшысы әуежайдағы санитарлық-карантиндік бақылау пункттері мен медициналық мекемелерді қоса алғанда барлық денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер нысандарына тексеру жүргізді.
Бүгінгі таңда елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Министрлік жағдайға мұқият мониторинг жүргізуді жалғастырады және халықты гигиена ережелерін сақтауға шақырады.
Дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс және залалсыздандыру құралдарының қоры жеткілікті. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары диагностикалық тест-жүйемен жасақталған.
Денсаулық сақтау министрі аталған іс-шараның ойдағыдай өтуі бүкіл қызметтердің ұйымшылдықпен бірлескен жұмысына байланысты болатынын айта келе, барлық мамандарға кәсібилігі мен жоғары ұйымдастырушылық деңгейі үшін алғыс білдірді. Басты міндет – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуде жайлылық пен қауіпсіздікті ғана қамтамасыз етіп қоймай, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын да сақтау.