Жаңалықтар

«МЕДИКЕР» ЭКСПО СЕРІКТЕСІ

«Медикер» және «Астана ЭКСПО-2017» компаниялары екі­-жақты меморандумға қол қойып, соның нәтижесінде жоға­рыдағы ұйым ЭКСПО көрмесінің операторы әрі серіктесі атанды.

скачанные файлы

Жасалған келісім аясында «Медикер» ЖШС өз ин­вес­тициясының едәуір бөлігін мамандандырылған көрме ала­ңында ашылатын меди­цина­лық орталықтар мен 6 меди­циналық пункттің талапқа сай жабдықталуына бағыттайды.
– Біздің фирмамыз үшін бұл уақиға – үлкен абырой. Осы арқылы бізге артылған сенімнің қаншалықты биік деңгейде екенін байқадық. Әрине, жүк­телген жауапкершілік өте жо­ғары. Соның үдесінен шы­ғып, меморандумның талап­тарын сапалы әрі уақытылы орындайтынымызға кепілдік береміз, – деді «Медикер» компаниясының Басқарма төрайымы Гүлжан Садырбаева.
ЭКСПО көрмесінде халық­аралық стандарттар бойынша арнайы оқытылған мамандар – дәрігерлер, үйлестірушілер және басқа да медициналық қызметкерлер жұмыс істейтін болады. «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен өткелі жатқан ауқымды іс-шараны қолдайтын «Медикер» фирмасы бүгінде барлық қызметін қуат үнемдеу саясатына сәйкес жүргізуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button