Денсаулық

Медицина мен әлеуметтік мәселелер қаралды

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында депутаттардың өткен жылы аталмыш сала бойынша ұсыныстары мен хаттамалық тапсыр­маларының орындалу барысы қаралды.

[smartslider3 slider=2750]

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова №12 емхананы жөндеу проблемасы туралы айтты. Оның айтуынша, емхана шаруашылық жүргізу құқығындағы мекеме болғандықтан, жөндеу жұмыстарын өз қаржысы есебінен жүргізуі керек. Ал қаржы жетпегендіктен, бұл іс созылып кетті.

Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов кешенді жоспарды орындау бойынша нақты жұмыс істеуі керектігін атап өтіп, балалардың денсаулығын сақтау жұмысына ерекше назар аударды. Медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалар салу, теміржол ауруханасын жөндеу, бюджеттік негізде оқитын стипендиаттар мәселелерін шешуді тапсырды. Грант алушылармен жасалған шартта олардың міндеттемелері бойынша тармақтар жоқ екен. Мәслихат хатшысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені Білім басқармасымен бірлесіп пысықтау қажеттігін айтты.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина депутаттардың былтырғы тапсырмаларының барлығы орындалғанын хабарлады. Оның айтуынша, алты бағыт бойынша тапсырма берілді.

Депутат Ләззат Разбекова­-Төлеуханова осы басқарма бойынша 20 ұсыныс болғанын, жетім балалар мәселесі, тастанды балаларды құжаттандыру, жетім балаларды күтіп-бағу мәселелері шешілмегенін атап өтті.

Депутат Нұрдәулет Оразханов­тың пікірінше, кейбір жауаптар іс жүзінде жай ғана сырғытпа жауап болып отыр. Мәселен, мүгедектер үшін автокөліктің қолжетімділігі, инватакси жұмысы туралы мәселелер шешілмеген. Автобустарда, вокзалдарда, басқа қоғамдық орындарда да басқарма жұмысы туралы ақпарат қажет.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button