Жаңалықтар

Медицина орталығындағы мереке

Астана қаласының психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығында «Наурыз-думан» атты мерекелiк шара өттi.

Той қарсаңында аталмыш мекеме қызметкерлерiн «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына мүшелiкке қабылдау рәсiмi өттi. Осыған орай, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орын-басары Қ.Жаңабергенов, медицина ғылымының докторы, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры М.Құлжанов, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары С.Аяғанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кiтапхана-сының бас директоры Ж.Шаймұханбетова, саламатты өмiр салтын қалыптастыру мекемесiнiң директоры М.Құрманов сынды қадiрлi қо-нақтар партия мүшесi куәлiктерiн, түрлi сыйлықтар табыс еттi.
Медициналық орталыққа Ұлттық академиялық кiтапхана сыйлаған кiтаптар мен «Астана ақшамы» газетiнiң тегiн жеткiзiлетiндiгiн айтып, ризашылықтарын бiлдiрген ұжым қызметкерлерi «Наурыз-Думан» тойда арқан тартып, баланы бесiкке салып, тұсау кесiп, қазақтың салт-дәстүрiн қайта жаңғыртты. «Қара жорға» билеп, көңiлдiң қошын көтерген көпшiлiк жыл басы Наурыз мейрамын осылайша көтерiңкi көңiл-күймен қарсы алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button