Елорда тынысы

Медициналық орталық ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов спортшыларға арналған медициналық орталықтың ашылу салтанатына қатысып, спорт саласының ардагерлері мен жаттықтыру­шыларымен кездесті.

[smartslider3 slider=3806]

«Елордада спортшыларға арналған алғашқы медициналық орталық ашылды. Жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған жеке медициналық мекеме ашу мәселесі кездесулеріміздің бірінде талқыланған болатын. Мәселен, осыған дейін спортшыларымыз №5 қалалық емхана базасында кәсіби тексерістен өтіп, ем алды. Бұл тексерулер өзге науқастармен бірге, жалпы кезек бойынша жүргізілді. Ал бұл белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық туғызып, спортшылардың сапалы дайындығы мен сауықтыру процесіне кері әсер етті. Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары айтқандай, бұл жағдайда арнайы түрде спорт дәрігерлері болуы керек» деді қала басшысы.

Сауықтыру кешені А-82 көшесіндегі «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында орналасқан. Бұл орталық спортшылардың медициналық тексеруден емін-еркін өтуіне, денсаулығын оңалтып, қалпына келтіруіне, тіпті физикалық мүмкіндігін тексеріп, жарақаттың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде спорт саласы қарқынды дамып, бәсекелестік артып келеді. Спортшылар әлемдік және олимпиада­лық рекордтарды жаңартып, биік шыңдарды бағындыруда. Медициналық мамандарсыз үлкен спортта жеңіске жету мүмкін емес. Олай болса жаңадан ашылған медициналық орталық елордалық және ел намысын қорғайтын барша спортшылар үшін аса маңызды сауықтыру кешеніне айналады. Игілікті іс-шараға қатысқан спорт саласының мамандары осындай баға беріп, бір-бірінен сүйінші сұрады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button