Денсаулық

Медициналық туризм әлеуеті үлкен

Қазақстан астанасының медициналық туризмді дамытуда әлеуеті зор. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция басқармасының басшысы Ержан Балтаев қазақстандық медициналық туризм қауымдастығының ашылуына орай өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

 

[smartslider3 slider=3840]

 

Е.Балтаевтың айтуынша, елордада тіс емдеу, кардиохирургия, нейрохирургия, имплантация, экоұрықтандыру, онкология, косметикалық хирургия бойынша қызметтер көрсету халықаралық стандарттарға сай жолға қойылған. Біздің медициналық туризм саласындағы артықшылығымыз да осы салалар болып отыр. Елімізге келетін шетелдіктерді де ең көп қызықтыратын және олар көп жүгінетін қызметтер осылар.

– Бүгінде әлемде медициналық туризм Корея, Түркия, Израиль, Германияда қатты дамыған. Біздің елімізде де оны дамыту әлеуеті жоғары. Осы бағыттағы барлық қызметтерді шоғырландыратын медициналық туризм қауымдастығы құрылып отыр. Қаламызда JCI халықаралық аккредитациясынан өткен 7 медициналық ұйым әлемдік талаптарға сай қызметтер ұсынып келеді. Олар жылына 5 мыңнан астам шетелдікке қызмет көрсетіп отыр. Соны әрі қарай дамытуымыз керек. Біздің тағы бір артықшылығымыз – ТМД аумағында тіл мәселесінде еш кедергінің болмауы, ал басқа шетелдерді қабылдау үшін медициналық персонал арасында ағылшын тілі курстарын өткізуге көмек бере аламыз. Сонымен қатар еліміздегі курорттарды да осы медициналық туризмді дамыту ісінде жұмылдыру көзделуде, – деді Е.Балтаев.

Өткен жылы Қазақстанға келген медициналық туристердің дені – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Еуропа азаматтары болды. Оларды әсіресе, тіс емдеу қызметінің елімізде Еуропаға қарағанда 10-15 есе арзандығы және сапасының да жоғары болуы қызықтырған. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстар арқасында медициналық туризм географиясын кеңейту көзделуде.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button