Денсаулық

Мейірбикелер мекені

Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» мекемесінің тарихы 1935 жылдан, Халықтық денсаулық сақтау комиссариатының шешімімен Ақмола мейірбике мектебі болып ашылған кезеңнен бастау алады.

1938 жылы алғашқы түлектер білім алып шықты. Ал соғыс алдындағы жылдары 180 медициналық мейірбике даярлап шығарды. 1948 жылы Ақмола мейірбике мектебі базасында фельдшерлік, содан кейін акушерлік бөлім ашылады. Тың көтеру кезінде мектеп училище болып қайта құрылады, сол уақыттан бастап фармацевтерді, санитарлық фельдшерлерді, тіс дәрігерлерін даярлай бастайды. Медициналық мейірбикелерді даяр­лау үшін кешкі бөлім ашылды. 1961 жылы училищеге Целиноград медициналық училищесі деген жаңа атау берілді. 2016 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің  қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» болып өзгертілді.

Колледжде 72 кабинет пен аудитория бакалавриаттың білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде қажетті жабдықтармен жабдықталған. Олардың ішінде 9 зертхана, колледж ішінде 2 симуляциялық зал, 1 мәжіліс залы, 1 конференцзал, 1 тренажер залы, 1 медпункт, кітапхана, 2 спорт алаңы бар.

Кабинеттер мен зертханалар жұмысы білім алушылардың кәсіби қызметін қалыптастыруға, тәжірибелік дағдылар мен біліктерді игеруге бағытталған. 2018-2023 жылдарда алынған жабдықтар: жүрек-өкпе реанимациясына арналған фантомдар, емшара үстелшелері, ересек адамдар мен балалардың кеңірдектеріне интубация жасауға арналған жаттықтырғыштар, манипуляциялық үстелшелер, гинекологиялық кресло, гинекологиялық айналар, акушерлік фантомдар, әйел және ер адамға арналған катетеризация фантомдары, химиялық кабинетке арналған құралдар (реактивтер, ыдыстар, колбалар және т.б.), 5 аяқты дөңгелек тіреуіші бар Сэм алып қаңқасы, хирургиялық манипуляцияларды игеруге арналған жаттықтырғыш, ойық жараларды емдеп үйренуге арналған имитатор, 5 бөліктен тұратын әйел жамбасы мен жыныс мүшелері, әйел жамбасы мен жыныс мүшелерінің қаңқасы, баланың туылуын көрсететін жамбас үлгісі, баланың туылу имитаторы, медбике көріп, білу үшін жасалған жаңа туылған нәресте үлгісі, бұлшық етке, көк тамырға және теріге инъекция жасап үйренуге арналған имитатор, түрлі жастағы науқас адамдарға күтім жасауға арналған манекендер.

Инклюзивті білім беру бойынша кабинеттерді жабдықтау мақсатында тифложабдық сатып алынды: студенттердің көру мүшесінің зақымдалуына байланысты кітап оқу үшін арналған автономды құрылғы, стационарлық бейнеүлкейткіш, бедерлі-нүктелі Брайль қарпімен тактильді графиканы басып шығарғыш.

Колледж ішінде 3 информатика кабинеті, 27 мультимедиалық кабинет, интерактивті тақталармен және мультимедиалық проекторлармен, моноблок және қазіргі заманға сай жергілікті есептеу, интернет жүйе­сіне қосылған компьютерлермен, қолданбалы бакалавриат тобының студенттеріне арналған мультимедиалық кабинетімен, 2 мобильді мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған. Оқу орны техникалық тұрғыда алғанда, 207 компьютермен жабдықталған, олардың ішінде 204-і интернет жүйесіне қосылған. Компьютерлік техника оқу үрдісінде барлық мамандықтар бойынша сабақтар өткізу үшін қолданылады. Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуі және оқытушылардың қосымша сабақтар өткізуі үшін клиникалық пәндер бойынша жазылған дәрістердің қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқалары жасалған.

Ақбала Саржанова,

колледж директоры

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button