Жаңалықтар

МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

365191-390x290

Астаналық медицина саласының қызметкерлері Мейірбике күнін мере­келеді. №2 қалалық балалар ауруханасында өткен салтанатты жиналыста Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаева орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, денсаулық сақтау ісіне қосқан үлестері ерекше атап өтті.

Бүгінде қалалық денсаулық сақтау бас­қар­масына қарасты 33 медициналық ұйымда бес мыңнан астам орта медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың 41 пайызының аттестациялық біліктілік санаттары бар.

– Дәрігерлердің қолқанаты бола жүріп, науқастың жазылып кетуіне адал қызмет ететін абзал жандарға құрметімізді білдіргіміз келеді. Елордалық үш мейірбике денсаулық сақтау ісінің үздігі атанды. Жетпістен астам ақ халатты абзал жандарымызға алғыс айтып, еңбегін еледік, – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаева.

Шара соңында денсаулық сақтау ісінің үздігі атанған мейірбикелер Зәуреш Әбдіхалықова, Әлия Ақубасова және Гүлзи Әбенова әріптес­терінің құрмет-қошеметіне бөленді.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button