ДенсаулықЖаңалықтар

МЕЙІРГЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕРЕЙІ

Кеше Елордада «Медициналық-санитариялық алғаш­қы көмек көрсетуде мейіргер қызметінің рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

– Мейіргер қызметі әлеуеті зор, денсаулық сақ­тау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, – деді Қазақстан Рес­пуб­ли­касы ден­сау­лық сақтау министрі С.Қайыр­бекова өзінің құттықтау сөзінде. Бүгінгі таңда меди­ци­налық-санитариялық көмекті жетілдіру – денсаулық сақтау ісінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру­дың кешенді шаралары мен Алматы декла­ра­ция­сының негізгі қағидаттарына сай өз дәрежесінде дамып келеді.

Соңғы жылдары мейіргерлер қызме­тінің мәртебесі артып, дәрігердің кей­бір өкілдіктерін атқару осы маман­дар­ға жүк­те­ліп жүр. Денсаулық сақтау жүйе­сінде әлеуметтік қызметкерлер енгі­зіліп, учаскелік дәрігерлерге, жалпы тәжіри­бе­дегі дәрігерлерге бекітілетін мейір­би­келер саны артып, олардың қажеттілігі бағалануда.
Аталмыш шара барысын­да Финляндия, Литва елдері маман­дарының тәжірибесі, мед­и­циналық қауымдастықтардың осы­ са­ла­ны дамытудағы баяндамалары тал­қы­ланды. Еліміздің 2020 жыл­дар­ға дейінгі мейіргер ісін дамыту тұжы­рым­да­масы талқыланып, ауылдық жер­лер­дегі денсаулық сақтау мамандарына арналған тренингтер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button