Мәдениет

Мекемелердің интеллектуалды сайысы

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымы, өнері, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Аталған сайысқа 20 мекеме қатысты. Қатысушы командалар «Тест сұрақтары», «Сөзжұмбақ» кроссворд туры, «Үш сурет» медиа туры, «Ән сөзі», «Қазақ киносы», «Ойлан, тап» турлары бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде I орынды «Астана-Аймақтық Электр­желілік Компаниясы» АҚ-ның «Шамшырақ» тобы, II орынды Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының «Ә.Мәмбетов мектебі» тобы, III орынды «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Болашақ» тобы жеңіп алды. Байқауға қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button