Басты ақпарат

Мектеп асханасына талап күшейеді

Жақында Астанадағы бір мектеп асханасында мерзімі өтіп кеткен азық-түлік анықталды. Осыған орай Астана әкімдігінде өткен апталық аппараттық жиналыста қала басшысы Бақыт Сұлтанов шаһардағы барлық оқу ошақтарының тамақтандыру орындарын тексеруді тапсырды.

«Әлеуметтік желілерге №85 мектеп-лицейде оқитын оқушылардың ата-­аналары бұзылып кеткен жемістер мен доңыз етінен жасалған шұжық тапқаны туралы пост таралып кетті. Білім басқармасына Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп балабақшаларда, мектептер мен колледждерде тамақтандыру орындарындағы қызмет көрсетілуі талапқа сай келетінін дереу тексеруді тапсырамын» деді қала басшысы. Reklama internete – seo optimizavimas seopaslaugos.com
Бұған қоса, Білім басқармасына мектепалды даярлық мекемелері мен мектептер асханаларының технологиялық және тоңазытатын қондырғылармен жабдықталуын, санитарлық-техникалық жағдайын тексеру, тамақтандыруды қадағалайтын комиссия­дағы ата-аналар санын көбейту, соның ішінде азық-түлік сапасын жүйелі түрде бақылау, олқылықтар анықталған жағдайда дереу жазаға тарту тапсырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button