Мәдениет

Мектеп музейлерінің орны қандай?

Астанадағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназияда Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық музейінің ҚР музейлерін дамыту орталығы және Астана қаласының Әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырған мектеп музейлерінің жетекшілеріне арналған «Мектеп музейінің білім беру кеңістігіндегі рөлі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар Астана қаласы Әдіс­темелік орталығының басшысы Сындар Дәуешова, ҚР Ұлттық музейі Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығының басшысы Нұрсерік Жолбарыс, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының директоры Данара Жомартованың құттықтау сөзімен ашылды. «Мен қашанда жан-тәніммен сенімен біргемін» атты көрмемен жалғасын тапты.

Көрмеге бұрын-соңды ешбір ақпарат көздерінде жарық көрмеген фотосуреттер қойылды. Семинар бағдарламасына сай «Музей сыры» әдеби-музыкалық композициясы қойылды, интерактивті алаңдар жұмысы көрсетілді. ҚР Ұлттық музейінің базасында құрылған «Мирас» үйірмесінің тәрбиеленушілері, әрі мектеп жанынан құрылған «Жас музейтанушылар» зерттеушілер клубының оқушылары «Мұстафа әлемі» атты шолу экскурсиясын өткізді. Семинарға арнайы Қызыл­ордадан келген Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары өз ойларын ортаға салып, түркі жұртының көсемі Мұстафа Шоқай туралы құнды ақпараттармен бөлісті.

Семинарға қатысушылар үшін музейдің жұмысына қажетті құнды ақпараттар айтылды. Семинарда тәжірибемен бөліскен музей қызметкерлері тарапынан мектеп музейінің экспозициялық құндылығына өте жоғары баға берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button