Елорда тынысы

Мектеп құрылысы қашан аяқталады?

Қазіргі таңда Байқоңыр ауданының «Өндіріс» тұрғын алабындағы №23 мектепте құрылыс жұмысы жүруде. Осыған орай, Байқоңыр ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ришат Тұрдыбеков, Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының және Құрылыс басқармасының басшылары арнайы білім нысанына барып, жұмыс жайымен танысты.

[smartslider3 slider=3710]

Сондай-ақ аталған мектепте оқитын оқушылардың ата-аналармен де кездесіп, құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі айтылды. Аталған тұрғын алаптағы №23 мектептің жөндеу жұмысы осы айдың соңына дейін аяқталып, жаңа оқу жылында тапсырылу жоспарланып отыр.

Кездесу барысында ата-аналар қауымы Құрылыс және Білім басқармасының, сондай-ақ, аудан әкімдігінің өкілдеріне өзекті сұрақтар қойды. Бұдан бөлек, мектеп басшылығы мен ата-аналар жаңа оқу жылындағы мектеп формасы секілді бірқатар мәселелерді де талқылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button