Сұхбат

МЕКТЕП САЙТЫ ИНТЕРАКТИВТІ ОРТАҒА АЙНАЛДЫ

мектеп

Бүгінгі таңда Астана қаласындағы мектептерде сайт жұмыстары жандана бастады. Әр мектеп өз сайтын мазмұнды әрі қызықты етіп шығаруға мүдделік танытуда. Біз осы орайда, қалалық Білім басқармасына хабарласып, біраз мән-жайды білген едік. Сауалымызға  басқарманың әдіскері Анар ҚОЖАХМЕТ жауап берді:

Қала мектептеріндегі сайттардың жұмысы қалай жүріп жатыр?

– Білім басқармасының әдіскерлері мектеп сайттары бойынша жұмыс жасайтын «Bench Mark Consulting» ЖШС компаниясымен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқардық. Атап  айтсақ, 2014 жылға арналған мектеп сайттарын дамыту  және білім беру порталының жұмысы туралы іс-шаралар жоспары жасалды. Мектеп директоры мен ата-аналар арасында бірыңғай білім беру порталы және оның мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлық мектептің сайттары жаңартылып отырады. Сондай-ақ, интерактивті қызметтер көрсетіледі. Мысалы, қонақ кітапшасы, кері байланыс сынды сілтемелер бар. Оған қоса, әр сайттан бейнеролик көруге болады.

Қай мектептің сайты ерекше?

– Сайттардың құрылымы мен маз­мұнына қарап, мектептің жұмысы туралы білуге болады. Мектеп сайттарында жан-жақты ақпараттар ұсынылған. Олардың  безендірілуі де мазмұнға сай. Білім және тәрбиеге қатысты мұғалімдердің методикалық жұмыстары орналастырылған.  Мысалы, 1, 2, 3, 4, 5, 9, 10, 15, 18, 22, 30, 35, 37, 38, 40, 49, 50, 51, 52, 56, 57, 58, 63, 64, 67, 68-мектептердің сайттарында нақты ақпараттық құрылымдар бар. Әр бөлімнің атаулары мазмұнына сай. Онда тек сабаққа қатысты мәліметтер ғана емес, оқушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстары, сондай-ақ, баспа газеттердің электронды нұсқасы орналастырылған. Мәселен, «Психолог бұрышы» бөлімінде оқушыларға қажетті кеңестер беріледі. Ал, жалпыға ортақ форумға «Психологқа сұрақ қой» тақырыбы ұсынылған.

№18 орта мектептің сайтында мектеп директорының мақаласы мен «Жаршы» мектеп газеті орналастырылған. Ал, №19 орта мектепте ата-аналарға арналған тест сұрақтары бар. Яғни, мектеп сайтын пайдаланып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты электронды түрде орнатуға болады. №3 мектеп гимназиясы мен №5 гимназия сайттарының дизайны ерекше әрі қызықты етіп жасалынған. №68 орта мектептің сайтында оқушыларға әр пәннен тест ұйымдастырылған.  №40 орта мектепте өз мұражайының жұмысы көрсетілген.

– Ақпарат кеңістігінде қаладағы мектеп сайттарын қалай табуға болады?

– Барлық мектептің сайттары astana-bilim.kz білім беру порталына көшірілді. Сондықтан, сайттарды іздеуде біраз өз­герістер бар. Енді мектептердің сайттарын  astana-bilim.kz – «Білім беру мекемелері – жалпы білім беретін мектептер» деген бөлімдер арқылы немесе мектеп сайтын толық жазу арқылы табуға болады. Мысалы http://3.astana-bilim.kz/.

 

Еркежан Сәтімбек

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button