Елорда тынысы

Мектеп – тең мүмкіндіктер аумағы

Қазір тілі кеш шыққан және ойын ашық жеткізе алмайтын балалар көбейіп келеді. Міне, осындай оқушыларға арналған логопед, дефектолог кабинеті елордадағы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде ашылды.

«Мектеп – тең мүмкіндіктер аумағы» атты арнайы білім беру педагогтарына арналған семинар аясында өткен іс-шараға қалалық білім басқармасының маманы Гүлшат Исинова, Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Алма Мұхамеджанова арнайы қатысты.

– 2019 жылдан бастап арнайы жұмыс істеп келеміз. Балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту үшін тиісті құрал-жабдықпен қамтып, екі кабинет ашып отырмыз. Жалпы 75-ке жуық оқушы бар, олардың барлығы келіп оқымайды. Инклюзивті балалар жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, – деді мектеп директоры Зәмзәгүл Қиянова.

Оқу жылының басынан білім ордасында «Кәсіби шеберлік мектебі» эксперименттік алаңы жұмыс істей бастады. Мақсат – ерекше білім беру қабілеті бар оқушыларды, дарынды оқушыларды әлеуметтендіру және кәсіптік бағдарлау.

Гүлден Байбосынова 3 жылдан бері ерекше балалармен жұмыс істеп, оларды ортаға бейімдеуге жауаптанып келеді екен.

– Оқу процесінде балаларды қолдап, өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жұмыс істейміз. Әр баланың өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардың көңіл-күйі де әртүрлі өзгеріп отырады. Бізде бала психологиясымен жұмыс істейтін арнайы мамандар бар, – дейді ол.

Айта кету керек, ерекше балалардың жетістіктері де бар. Ақбота Рысбекова Астана қаласындағы би байқауының ашық біріншілігінде бірінші орын алды. Ал Рамазан Булкаиров пен Ұлан Усеналиев «JULDYZAI» республикалық балалар шығармашылық фестивалінде өнер көрсетіп, дараланды.

Алмагүл БЕРДІМҰРАТ,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 4-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button