Елорда тынысы

Мектепке қалай бейімделеді?

Елордадағы Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейде балабақша әдіскерлері мен бастауыш сынып бойынша мектеп директоры орынбасарларының қатысуымен «Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» тақырыбында қалалық семинар өтті.

 

Жиында балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке бейімдеудің тиімді жолдары, балалардың жаңа ортаға үйреніп, сіңісіп кетуіне жағдай жасауға қатысты жұмыстарды жандандыру мәселелері қарастырылды.

Оқу-ағарту министрлігіне қарас­ты «Балаларды ерте дамыту» институтының директоры Мария Ерманова мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен балабақшаға баратын балғындардың мектепке барар кездегі дағдыларды игеруі, оларды бақылау мен білім беру ұйымдарының арасындағы байланыс туралы баяндады.

Мамандардың айтуынша, балабақша мен мектептің арасындағы сабақтастық бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі мен мектеп бағдарламасын толық және сапалы игеруіне ықпал етеді.

«Ұлттық баяндамада білім берудің барлық сатысы қамтылған. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» бұл бағытта арнайы «Білім беру округтері» жобасын қолға алды. Оған мектепке жақын орналасқан бірнеше балабақша кіріктірілген. Аталған жобаның өзі бірнеше шағын жобаға бөлінді. Мәселен, «Педагогикалық сабақтастық» бойынша мұғалім мен тәрбиеші арасында байланыс орнатылса, Adaptation days балаларды мектепке бейімдеуге бағытталған. Ал «Балақайлар мектебі» деген қысқа мерзімді курс 3 жылдан бері мектептерде өткізіліп жүр, биылдан бастап балабақшаларға да енгізілді. Өткен оқу жылында оған елорданың 75 мектебі қатысты. 1700-ден астам бала өздерінің болашақ мұғалімімен, сыныптастарымен және мектеппен танысты» деді «Әдістемелік орталық» МКҚК басшысының орынбасары Алма Мұхамеджанова.

Алма Қайыркенқызының айтуынша, баланың мектепке психологиялық дайындығы, балабақша тәрбиешісі мен бастауыш сынып мұғалімінің бірлескен жұмыстары оң нәтиже берері анық.

Торғын АМАН

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button