«Мектепке жол»: 5 мыңнан астам бала оқу заттарын алды
Елордада «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қаланың кәсіпкерлері, меценаттары акцияға қосылып, балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетіп жатыр.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Демеушілер мен меценаттарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі, бүгін Білім басқармасының ұйымдастырумен «Aua electronics» компаниясының директоры Айдана Өтебалиеваның демеушілігімен 400 балаға мектепке керек құрал-жабдықтарымен көмек көрсетілді.
Сонымен қатар жаңа 2024-2025 оқу жылында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, демеушілік қаражаты есебінен мектеп керек-жарақтары мен рюкзактары түрінде әлеуметтік осал санаттағы 5 мыңнан астам бала қамтылды. Аталмыш акция жалғасып жатыр.