Әлеумет

«Мектепке жол» жалғасуда

Астанада «Мектепке жол» атты акция жалғасуда. Биыл 17 мемлекеттік орган мектеп оқушыларына жәрдемдесуге ниет білдіріпті. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың саны алынып, балаларға көмек беру басталып кетті.

Айгүл ДӘУЛЕТҚЫЗЫ,
«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі:

–Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен және сол секілді балалар үйінде тәрбиеленушілерді мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен толық қамтамасыз етуді нысанаға алып отырмыз. Балалардың тұрмыстық жағдайының әртүрлі себептеріне байланысты мектепке бармай қалуын болдырмас үшін олардың от¬басыларына демеушілік жасап, қолдау көрсетуді игілікті іс деп білеміз. «Көп түкірсе – көл» болатыны анық. Біз үш аудан бойынша тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жинап алдық. Енді 27 тамыз күні Оқушылар сарайында мың балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сал¬танатты түрде табыс етпекпіз. Олардың 500-і 1-сынып оқушылары, қалғаны 5-сыныпқа дейінгілер. Сапалы әрі әдемі болсын деп барлық құралдарды «Абди» дүкенінен алып жатырмыз. Шараның соңында балаларға арналған шағын концерт ұйымдастырамыз.

Мейрамкүл ҚАПАСОВА,
көпбалалы ата-ана:

–Бұл акция біз үшін үлкен жеңілдік болды. Былтыр ұлымның барлық шығынын демеушілер көтерген. Көпбалалы ана болғандықтан бәріне бірдей оқу құралын алып беруге шама келе бермейді. Осындай кезде, білім басқармасының бастама көтеріп, жақсылық шарапатын тигізетін шара өткізіп жатқанына қуаныштымыз. Бұл біз үшін үлкен көмек. Жасаған жақсылықтарына алғыс айтамын. Ізгілікті іс өшпейді. Балаларым ер жеткен соң, ағаларының мырзалығын ұмытпай, ризалығын білдіріп, адал еңбектерімен қайтарар деп сенемін. Рахмет, Сіздерге!

Айтолқын ИСАҒАЛИ,
3-сынып оқушысы:

–Былтырғы ағалардың жомарттығын ұмытпаймын. Мектеп¬ке қажетті құрал-жабдықтарымды, киім-кешектерімді алып берген. Биыл да, көмектесеміз деп отыр. Бұл, әсіресе, ата-анама жақсы болды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button