Басты ақпаратБілім

Мектепте қандай маман қат?

Білім беру, оқыту – жауапсыздық пен қателікті көтермейтін нәзік жүйе. Ол – адам тағдыры. Оқыту, білім беру – үнемі мұғалімнің ізденісін, шығармашылық шыңдалуын талап ететін күрделі үрдіс. Бұл дегеніміз білім беруді, тәрбилеу үрдісінің өзгеруін талап етеді. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі міндеттерінің бірі – орта білім беру сапасын арттыру. Педагогикадағы жаңашыл бағытты қолдайтын жас мамандар қажет екендігі түсінікті.

– «Біздің мақсат – ұлттық құндылықтармен  қаныққан, жауапты, еңбекқор, белсенді, отаншыл және өзіндік азаматтық ұстанымға ие ұрпақты тәрбиелеу» деп өз баяндамасында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әлия Чокушева.

«XXI ғасыр – жылдам өзгерістер ғасыры. Жаңару, өзгеруді күнделікті өмірден көріп  жүрсіздер» деген еді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев өз сөзінде. Адам тәрбиесі, тұлғаны қалыптастыру ісі де бір орнында  тұрмайды, үнемі ізденіс, жетілдіру үстінде. Барлық  педагогтар болашақ ғасырдың  тұлғасын қалыптастыруда оған қажетті дағдыларды қалыптастыруға қызмет ету – кез келген мұғалімнің, ұстаздың басты міндеті, мақсаты болуы керек.

Елордада қандай маман жетіспейді?

«Жалпы қала мектептерінде қандай мамандар тапшы, қандай мамандарға сұраныс жоғары?» деген сауалдарымызға Астана қаласы Білім басқармасы былай жауап берді:

Ұлттық білім беру де­­рекқорының соңғы мәлі­меттері бойынша педагогтардың қажеттілігі 40 педагогты құрайды. Оның ішінде қала мектептерінде ағылшын тілінен сабақ беретін педагог – 1, информатикадан – 6, тарих пәнінен – 2, қазақ тілі бойынша – 1, математикадан дәріс беретін – 10 мұғалім, бастауыш сыныпқа сабақ беретін (орыс тілінде) – 6 педагог, орыс тілінен – 2 маман, физикадан – 4, химия пәнінен – 2 мұғалім, көркем еңбектен – 3 мұғалімге зәру. Сондай-ақ орыс тіліндегі бастауыш сынып, математика мамандары да тапшы.

Мектепке қажет мамандары жұмысқа шақыру үшін Білім басқармасы қандай іс-шаралар қабылдайды?

Педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша:

педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы (Астана қаласы әкімінің гранты (2022 жылы – 1050);

ішкі және сыртқы көші-қон есебінен;

бос орындар жәрмеңкесіне қатысу есебінен;

2000-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру түлектері арқылы мектептер зәру мамандар мәселесін шешілуде.

Қандай талап қойылады?

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылуда. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.

Қазіргі уақытта оқушы бойына маңызын жоғалтып бара жатқан  жалпыадамзаттық құндылықтарды іс-әрекет яғни өзіміз үлгі болу арқылы,  сіңіре отырып, сабағымызды мазмұнды ету арқылы, өмірлеріне азық болатындай етіп, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру мұғалімнің басты мақсаты болуы керек. Біздің мақсат – ұлттық құндылықтармен қаныққан, жауапты, еңбекқор, белсенді, отаншыл және өзіндік азаматтық ұстанымға ие ұрпақты тәрбиелеу. Барлық педагогтар болашақ ғасырдың тұлғасын қалыптастыруда оған қажетті дағдыларды қалыптастыруға қызмет ету – кез келген мұғалімнің, ұстаздың басты міндеті, мақсаты болуы керек.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button