Ел тынысы

Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енеді

Астанада ЮНИСЕФ елдік офисінің қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп ұйымдастырған «Мектептегі тамақтану: білім беру ұйымдарында тамақтану стандартын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға мектептегі тамақтану жүйесін реформалауды талқылау үшін мемлекеттік құрылымдардың, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің, бизнестің өкілдері, бейінді және халықаралық сарапшылар қатысты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кіріспе сөзінде мектептегі тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа тәсілді тиімді жүзеге асыру барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіруді талап ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы бейінді ведомстволарға берген тапсырмасында бүгінде елімізде 1,7 млн оқушы қамтамасыз етіліп отырған тегін мектеп тағамдарының сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. «Балалардың тамақтануының халықаралық стандарттарына ұмтылу керек, бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді», – деп атап өтті Президент.

Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігі, бейінді отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, ғылыми тәсілдер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде Мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдің барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді.

Жаңа тәсіл балаларды денсаулық пен дамудың заманауи талаптарына сәйкес келетін теңдестірілген, қауіпсіз және пайдалы диетамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мектептегі тамақтану реформасы балалардың физикалық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тиімділікке де әсер ететінін атап өтті:
* оқу үлгерімін арттыруға ықпал етеді,
* концентрацияны жақсартады,
* болашақта созылмалы аурулардың қаупін азайтады,
* ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырады.

Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты диетаны жақсартуға бағытталған, атап айтқанда бұл қантты, тұзды және өңделген тағамдарды азайтуды, көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, ақуыздардың және сүт өнімдерінің үлесін арттыруды қамтиды.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Алмаз Шарман стандарт талаптарын қатаң сақтау балалардың семіздігін 10-15%-ға, 2 типті қант диабетін 10-20%-ға, артериялық гипертензияны 8-18%-ға және басқа да созылмалы ауруларды 5-15%-ға төмендетуге ықпал ететінін айтты.

Стандарттың іске асырылуы өнімдердің сапасына және мектептегі тамақтану нысандарының санитариялық жағдайына бақылауды күшейтумен қатар жүретін болады.
Денсаулық сақтау министрі дайындалған тағамның сапасын бағалауға қатысатын мектеп мейіргерлерінің кеңейтілген рөлін атап өтті.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов жаңа стандарттың негізгі ережелері мен мектептегі тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын күшейтілген талаптар туралы айтып берді.

Ол мектептердегі тамақтану сапасын бақылау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Балалардың болатын нысандарында қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік бақылауға жаңа тәсілдер әзірленді: тексерулер туралы алдын ала хабарлаудан бас тарту және тұрақты мониторингтік сапарлар жүйесін енгізу болжанады. Бұл шаралар нысандардың жай-күйін объективті бағалауға және оларды санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, тамақтану құнын есептеуге, жергілікті өндірушілердің рөліне және жаңа тәсілдерді енгізудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударды.

Екі күндік іс-шараның шеңберінде өңірлік денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары, мектеп әкімшіліктері және мектеп тамағамын жеткізушілер үшін оқыту тренингтері өтеді. Бұл стандарттың тиімді енгізілуін және қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мектептегі тамақтанудың жаңартылған тәсілі халықтың денсаулығын нығайту және Қазақстанның орнықты дамуы жөніндегі ұлттық стратегияның ажырамас бөлігі болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button