Елорда тынысы

Мектептер құрылысы қарқынды

Алтай Көлгінов қаладағы бірқатар мектептің құрылыс барысымен танысты. Қала басшысы Т.Рысқұлов – Қ.Қайсенов көшелерінің, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесі, сол сияқты Р.Қошқарбаев, Ұлы Дала даңғылы және №39 көшелерінің қиылыстарында салынып жатқан оқу орындарына барды.

Әкімнің айтуынша, биылғы оқу жылында тағы 9 оқу орнының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі үшінші тоқсаннан бастап жұмыс істейді. Осыған дейін 36 мектеп салынып, пайдалануға берілген.

«Мәселен Т.Рысқұлов пен Қ.Қайсенов көшелерінің қиылысында орналасқан мектеп екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Бұл – үлкен мектеп. Қазір онда соңғы жұмыс жүріп жатыр. Бүгінге дейін осыған ұқсас бес үлкен мектеп аштық. Осы бес мектептің есебінен 20 мың оқушы орны құрылды.

Ұлы дала даңғылы мен Сауран көшесінде орналасқан мектеп екі ауысымда 2400 орынға, Ұлы дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысындағы мектеп 2400 орынға есептелген. Т.Рысқұлов көшесіндегі оқу орнының құрылысы жеке инвестициялар есебінен жүріп жатыр, онда балабақша да болады» деген әкім құрылыс қарқынын арттыруды және құрылыс жұмысының сапасына тиісті көңіл бөлуді тапсырды.

Алтай Көлгіновтің сөзінше, мектеп салу үшін 158 жер учаскесі анықталды. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖЖ) әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы жөнінде арнайы бағыт бекітілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button