Ел тынысы

Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады

Елордада оқушыларды кәсіби психологиялық көмекпен қамтамасыз ету және оқу орындарында буллингтің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорданың бес ауданында оқушыларға, ата-аналарға тегін психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері құрылды (Қаланың әдістемелік орталығы, «Ұстаздар үйі», №22 ШГ, №54 МЛ, №88 МЛ базасында).

2024 жылдың басынан бері онда 142 бала мен 156 ата-анаға (2023 жылы 264 бала мен 254 ата-ана) консультациялар өткізілді.

Енді елордада қалалық психологиялық қолдау орталығын ашу жоспарлануда. Орталық базасында диагностикалық, түзету-дамыту, консультациялық, психопрофилактикалық қызметтер жүзеге асырылатын болады.

Елорданың мектептері мен колледждерінде психологпен тікелей байланысуға және консультациялық көмек алуға мүмкіндік беретін QR-кодтары бар ақпараттық тақтайшалар орналастырылған. Балалар мен олардың ата-аналары сұрақтарға жауап ала алады, сонымен қатар оқушылар арасында туындаған мәселелер бойынша шаралар қолдана алады.

Биыл білім беру ұйымдарында буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру жоспарлануда.

Ол үшін пилоттық жобаға 5 мектеп (Алматы ауданының № 72 мектебі, Байқоңыр ауданының №16 мектебі, Нұра ауданының №79 мектебі, Есіл ауданының №24 мектебі, Сарыарқа ауданының №6 мектебі) енгізілді.

Осы бағдарлама шеңберінде қорқытудың алдын алу және азайту (сабақтар, тақырыптық кезекшіліктер, бірлескен оқулар өткізу), буллингтің анықталған жағдайларын шешу бойынша іс-шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ мұғалімдерді оқушылардың мазасыздық дәрежесін анықтау дағдыларына оқыту жоспарлануда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button