Ел тынысы

Мемлекет басшысы атынан сыйлық табыстады

Елімізде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Шара ­аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық Гүлжахан Сыдықовамен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан сыйлық табыстады.

Осыған дейін Мемлекет басшысы акцияға қатысушылармен кездесіп, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған болатын. Өтініште Астана тұрғыны Гүлжахан Сыдықованың тонометр сұрағаны туралы жазылған.

Астана әкімі Жеңіс Қасым­бек елордалық Гүлжахан ­Сыдықовамен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан тонометрді табыстады. Сондай-ақ оған материалдық көмек көрсетіліп, санаторийге жолдама беріледі.

Гүлжахан Сыдықова ­Президент пен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.

«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында еріктілер мен белсенді азаматтар халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына: көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар жандардың, зейнеткерлердің және т. б. өтініші мен тілегін орындауға көмектесуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button