Басты ақпаратЖаңалықтар

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ қарым-қатынасты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы БҰҰ-мен қарым-қатынаста Пан Ги Мунның Бас хатшы қызметінде қол жеткізілген өзара түсіністіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті.

– БҰҰ – аса маңызды ұйым, оған әлемнің барлық мемлекеттері қолдау көрсетіп, беделін нығайтуға, мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс деп санаймын. Әсіресе, қазіргі күрделі ахуал кезінде бұл өте қажет. Өзіңіз білесіз, Қазақстан бейбітшілікті, интеграция мен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс білдірді. Біздің ел өркениеттерді біріктіру үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізіп келеді. Ядролық қарудан арылу жөніндегі ұсыныс бізден бастау алды. Биыл біз Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығын атап өтеміз. Сіз ол жерде болдыңыз. Бұдан бөлек, Бас Ассамблеяның соңғы сессиясында біз адамзаттың жаппай қырып-жоятын қарудан арылу қажеттігі жөніндегі бастаманы жария еттік, – деді Қазақстан Президенті.

Пан Ги Мун Қазақстан Президентінің Ұйыммен серіктестік қарым-қатынастарының дамуына қосқан жеке үлесін атап өтіп, қызметтің барлық бағыты бойынша БҰҰ-ға жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

akorda.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button