Басты ақпаратСаясат

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан  ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button