Басты ақпарат

Мемлекет басшысы «Astana aqshamy» газетін күнделікті оқиды

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Egemen Qazaqstan» басылымына берген сұхбатында Мемлекет басшысының қай газеттерді жиі оқитыны туралы мәлім етті.

«Egemen Qazaqstan», «Айқын», «Astana aqshamy» газеттерін күнделікті оқиды. Олардан басқа «Ана тілі», «Түркістан», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» секілді апталықтарды қарап, бақылап отырады. Егер жақсы мақалалар, сұхбаттар шықса, асықпай оқып, астын сызып, тіпті кейбіріне қатысты бұрыштама соғып жатады. Мерзімді басылымдарға шыққан сыни немесе проблемалық мақалаларды оқып, құзырлы органдарға арнайы тапсырмалар беретін кездері де болады, – деді Берік Уәли.

Ол сөз арасында қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеретін телехабарларды да көріп, қазақ радиохабарларын тыңдайтынын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button