Ел тынысы

Мемлекет басшысына кешенді жоспар баяндалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ­Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Президентке ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.

[smartslider3 slider=2401]

Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде баяндады. Аталған жоспар ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсыр­маларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде құбылмалы геосаяси жағдайға байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button