Қоғам
Мемлекеттік бақылау: 2024 жылы 8 мыңнан астам тексеру жүргізілді
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымовтың айтуынша, бұзушылықтар 6 мыңнан жағдайда анықталды, бұл жүргізілген тексерулердің жалпы санының 74% құрайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Бақылаудың 64% профилактикалық, бақылау субъектісіне бармау арқылы жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 411 млн теңгеден астам сомаға 790 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Тексерілмеген құралдардың жалпы саны 13 595 бірлікті құрайды, сұр сертификаттарды аккредитациясыз сатуды насихаттайтын 76 платформа анықталды. Сатылатын өнімнің 170 үлгісі бақылау шеңберінде сатып алынды, сатып алынған тауарлар сынақтан өткізіліп, нәтижесінде 90% жағдайында бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік бақылау нәтижесінде барлығы 55 жедел ден қою шарасы қолданылды, оның ішінде 48 сатуға тыйым салынды және 5 млн теңгеден астам сомаға 7 өнім тәркіленді.