#Жолдау-2022

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадық. Президенттің Жолдауы еліміздегі алдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға арналды, жаңа бастамалар айтылды және ел үшін маңызды шешімдер қабылданды.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Жолдау мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, жаңа жағдайдағы экономикалық дамуы, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, кеден және салық, балалардың мүддесін қорғау, цифрландыру, азаматтарды мемлекетті басқару ісіне тарту және тағы басқа маңызды бағыттарды қамтыды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады. Мемлекет басшысының әрбір сөзі салмақты, терең және даму сипаты мол жолдау болды, бұл алдағы реформалардың табысты болуына үлкен сенім ұялатады.

Біз Президенттің түбегейлі реформаларын толығымен қолдаймыз, қазір бұл еліміздің табысты дамуы үшін де, әрқайсымыз үшін де өте маңызды.

Гүлжамал ЖАПАРОВА,

«Туран-Астана» университетінің ректоры,

қалалық мәслихаттың депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button