Қала тіршілігі

Мемлекеттік кызмет – жауапкершілігі жогары міндет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «мемлекеттік қызметтің биік жауапкершілік жүктейтініне басымдық бере отырып, біз қалыптастырған жүйе барлық азаматтардың тең құқықтарға ие болуын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді» деп атап өткен болатын.

Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсі­би­лен­діру, мемлекеттік бас­қару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуін қам­та­ма­сыз ету мақсатында мемлекеттік қыз­мет­ саласындағы нормативтік құқықтық акті­лерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жетілдірілді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқық берілген. Мемлекеттiк қызметке кiрісу кезiн­де тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілік белгілеуге жол берiл­мейдi Бұл Конституция бойынша өзін демо­кра­тия­лық мемлекет деп жариялаған еліміздің құнды­лық­та­рының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңна­ма­лар­ға сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асыры­ла­ды. Мемлекеттiк қызметке кiрісетiн үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуға, егер Қазақстан Республикасының заңна­ма­сын­да тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем бол­мау­ға тиіс.
Мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге қол жеткізу мақсатында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуге, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған болуға тиіс.
Заңнамалар бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейiн жүзеге асыры­лады.
Мемлекеттік орган арнайы тексерудің нәти­же­лерін алған күнге дейiн азаматтарды мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым көздейтін мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылдайды. Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңна­ма­сына сәйкес реттеледi. Еңбек шарттары арнайы тексеруді жүргізу мерзіміне жасалады.
Арнайы тексеру жүргізу кезеңінде бұл адамдарға осы Заңның мемлекеттік қызмет­ші­лер­дің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелер қолданылады. Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.
Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орнала­су­ға арналған конкурс Қазақстан Респуб­ли­касы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арнал­ған конкурсты мемлекеттік орган өткізеді.
Тестілеуден өту кезінде уәкілетті орган белгі­лей­тін шекті мәндерден төмен емес баға алған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Осы жерде назар аударатын мәселе, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын айқындау, сондай-ақ тесті­леу­ді ұйымдастыру функцияларын жүзеге асыру жүктелді.
Заңнамаға енгізілген өзгеріс бойын­ша­ мем­ле­кеттік қызметке қабылдауда ашықтық пен объективтiлiктi қамтамасыз ету мақсатында тестiлеу конкурстан тыс өткізілетін болып­ белгіленді. Азаматтардың Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агент­тi­гi­нiң аумақтық департаменттеріне барып тестілеуден өтуі қарастырылды.
Тестілеу нәтижесінде алған сертификатпен конкурсқа қатысып, тек әңгiмелесуден ғана өту жүйесі енгізілді. Осылайша, конкурсты өткiзу уақыты үш есеге – 45 күннен 15-20 күнге дейiн қысқартылды.
Конкурс орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде өткізілген кезде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған мерзімді баспасөзде жарияланады.
Конкурсты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, онда осы шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.
Тағайындауға құқығы бар адам конкурстық комис­сияның оң қорытындысын алған конкурс­қа қатысушыны «Б» корпусының жария­ланған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қабылдауға мiндеттi болып табылады.
Конкурстық комиссияның оң қоры­тын­ды­сын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қыз­метке ұсынған конкурсқа қатысушы «Б» корпу­сы­ның мемлекеттік әкімшілік қызме­ті­нің кадр резервіне алынады.
Мемлекеттік органның конкурстық комис­сия­сының ұсынымы бойынша «Б» корпу­сы­ның мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған конкурсқа қатысушы өзі алынған күннен бастап бір жыл ішінде, білік­тілік талаптарына сай келген жағдайда, сол мемлекеттік органда «Б» корпусының тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымына қосым­ша конкурстан өтпестен орналасуға құқылы.
Мемлекеттік органның конкурстық комис­сия­сының ұсынымы бойынша «Б» корпу­сы­ның кадр резервiне алынған резервші конкурс­тық комиссиясы оны алуға ұсынған мем­ле­кеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервiнен конкурстан тыс тәртіпте тағайын­далады.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңна­ма­ларды жетілдіру барысында конкурстық іріктеуді жүргізудің қазіргі кездегі тәжірибесі алына отырып, мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі конкурстық рәсімдердің әділ­дігіне қоғам тарапынан қол жеткізу, мемле­кет­тік қызметке конкурстық іріктеудің транспа­рент­ті­лігін арттыруға баса назар аударылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi қарай бiз мемлекеттiк қызмет саласын реформалау жолында жұмыс iстеп келемiз. Әлемдегi тәжiрибенiң жетiстiктерiн мұқият қарадық. Бұрынғы жүйенiң барлығы Кеңес одағының қалыптастырған жолымен жүрген болатын. Оның кемшiлiктерi көп, бүгiнгi заман да басқа. Ендеше мемлекеттiк қызметшiлер заман талабына сай елге қызмет етулерi керек. Елдiң жағдайы жақсарған сайын мемлекеттiк қызметке қатысты талап та ұлғая бередi» деп, атап өткеніндей, мемлекет алдында тұрған мақсаттар мен басымдықтарды іске асыру жолында кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығын қам­та­масыз ету жұмыстары жүйелі жүзеге аса бермек.

Марат МҰСТАН,
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі
Астана қаласы бойынша
департаментінің консультанты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button