Жаңалықтар

Мемлекеттік наградаға ие болды

Мереке қарсаңында медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен жүргізушілер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сала мамандары марапатталғанын мәлім етті.

[smartslider3 slider=1403]

«Адами капитал – басты құндылық. Қалаға қарасты барлық ұйымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде қаланың тыныс-тіршілігі қамтамасыз етіледі. Әр қызметкер қаланың одан әрі дамуына үлесін қосады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, инженерлер, машинистер және т. б. мемлекеттік наградаларға ие болды.

«Парасат» орденімен мұғалім ­Л.Алиева, «Ерен еңбегі үшін» медалімен учаскелік дәрігер-терапевт Г.Қалибекова, еңбек ардагері Б.Қасымбеков, жазушы О.Тұржан, «Шапағат» медалімен жедел медициналық жәрдем жүргізушісі Т.Вергунова және бірқатар медицина қызметкері марапатталды. Сондай-ақ мәдениет қайраткерлері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды» деп жазды елорда әкімі.

Сонымен қатар ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Астана су арнасы» мекемесінің инженер-жылутехнигі М.Абдрахманов, №1 автопарк жүргізушісі К.Набиев, 2-ЖЭО аға машинисі Р.Тухватуллин, «Астана Тазалық» АҚ жүргізушісі Н.Қуанышев, «Астана қалалық жарық» АҚ автоэлектригі Ю.Чехко марапатталды. Сондай-ақ қала мен елдің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқандар ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, ҚР құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button