100 қадам - Ұлт жоспарыҚоғам

Мемлекеттік қызмет – жауапты іс

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» ұлт жос­парында мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөнінде бірқатар міндеттер жүктегені белгілі. 

Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы мен өзін-өзі ұстау мәдениеті ҚР Президентінің 2015 жылдың 29 жел­тоқсандағы Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анық көрсетілген. Ал олардың этикасын, тәртібін бақылау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментіне жүктелген. Бұл мекеме жұртшылықтан келіп түскен арыз-шағымдар бойынша тексерулер жүргізіп, кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тартады. Жыл басынан бері департамент өкілдері Әдеп кодексін бұзғанға байланысты 50-ден астам өтінішті қарастырды.
Департамент мемлекеттік қызмет­керлердің тәртібін бақылаумен қатар, олармен тығыз жұмыс істеп, немкет10ті мінез-құлықтың, дөрекіліктің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен әдеп нормаларының сақталуы мен оған мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі де енгізілді. Бұл халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген се­німін арттырады. Әдеп жөніндегі кеңес жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлес­тіріп отырады.
Астана қаласы әкімдігінің Әдеп жө­ніндегі уәкілі болып, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Рахат Бекқадамов тағайындалғанын естеріңізге саламыз.
Егер сіз Астана қаласының мемлекеттік қызметшілері Әдеп кодексінің талаптарын бұзған жағдайға куә болсаңыз, біздің департаментке (Қабанбай батыр көш., 33) немесе 24-80-32 сенім телефонына хабарласуға болады.

Айжан ОМАРАЛИЕВА,
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының басшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button