Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметке лайықтылар таңдалды

Елордада  алғаш рет әкімшілік мемлекеттік лауазымға үміткерлерді ашық іріктеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласындағы басқармасы конкурстық комиссияның қорытындысын шығарды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы әкімшілік мемлекеттік төрт лауазымға байқау жариялаған болатын. Конкурстық комиссияның алдына 43 үміткерден 68 өтініш келіп түскен. Тестілеу нәтижесінен кейін 32 адам әңгімелесуге жіберілген болатын. Үміткерлермен кезекпе-кезек әңгімелесіп, олардың еліміздегі заңнамалық құжаттарды білу деңгейін, қарым-қабілетін таразылап, шешім қабылдаған комиссия басқарманың инспекция және мемлекеттік қызметтерді бағалау бөлімінің консультант-инспекторы лауазымына Ғалымжан Амантайды лайық деп таныды. Ал мемлекеттік қызметті өткеру және персоналды басқаруды бағалау бөлімінің консультанттарына Азамат Өмірзақов пен Марат Мұстан таңдалып алынса, мемлекеттік қызметті өткеру және персоналды басқаруды бағалау бөлімінің бас маманы лауазымын Жұлдыз  Байжомартова еншіледі.

Бұдан бөлек, тағы төрт адам кадрлық резервке ұсынылды. Олар: Руслан Жанбәкіров, Абат Мақанов, Нұргүл Биханова және Ақнұр Арыстанбекова.

Конкурстық комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде қоғамдық бақылаушылар тарапынан берілген бағалар да ескерілгенін айтады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласындағы басқармасының бастығы Ерлан Әбен өз орталарына жаңадан қосылған қызметкерлерді ұжыммен таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қымбат НҰРҒАЛИ

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button