Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ОҢАЙЛАНА ТҮСТІ

69-480x480

26 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы Тілеген Қаскиннің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №06-7/179 бұйрығымен мемлекеттік қызметкерлерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастыруға, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты семинар-кеңес өтті.

Оған Астана қаласындағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі, «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ басшылығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Call-center бірыңғай байланыс орталығы, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері қатысты.

Департаменттің мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің меңгерушісі Г.Әбдірахманова, аталған бөлімнің консультанты К.Жиенбаева заңнамаларға енгізілген өзгерістерге байланысты баяндама жасап, семинарға қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Ал «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Президенті А. Жұмабек онлайн жүйеде үміткердің тестілеуден өтуі үшін өтінішті қалай беру керектігі туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, семинар-кеңес барысында Департаменттің Инспекция және бақылау бөлімінің меңгерушісі М.Батырханов «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының орындалуы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мен оны қадағалау барысы және Тәртіптік кеңестің 2013 жыл қорытындысы туралы баяндама жасаса, департамент басшысының орынбасарлары Ә.Баскеев пен Б.Асаинов Астана қаласындағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі басшыларының сұрақтарына қосымша түсіндірмелер беріп өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кәсіби құзыретті зерттеу орталығының меңгерушісі, профессор Л.Асылбекованың мемлекеттік қызметтің персоналын басқарудағы әлеуметтік-басқару технологиясына байланыс­ты лекциясы да қатысушылардың көңілінен шықты.

Бүгіннен, яғни 1 наурыздан бас­тап өз күшіне енетін өзгерістер мемлекеттік қызметке орналасу үшін тест тапсыру мен конкурсқа түсуді екі есе жеңілдете түскен. Енді кез-келген азамат халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, электронды үкіметтің порталы арқылы өтініш толтырып, тест тапсыру мезгілі мен мекенін өздерінің ыңғайына қарай таңдай алады.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

Пікір үстеу

Back to top button