Sport

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР – СПАРТАКИАДА САҢЛАҚТАРЫ

Елордада  мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілген жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков құттықтап, салтанатты жағдайда  Кубок тапсырды.

ZAH_0984

Астана қаласы Дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйым­дастырған кешенді жарысқа елордадағы барлық мемлекеттік мекемелер қатысты. Жарыс жолына шыққан әуесқой спортшылар шахмат, үстел теннисі, волейбол, бильярд, футбол, арқан тарту және жеңіл атле­тикалық эстафета бойынша сайысқа түскен. Жалпы, мәлімет бойынша 500-ге жуық
қыз­меткер спартакиада қатысу­шысы болды.
Спартакиада жүлделері екі бағытта сарапқа салынды. Жалпы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері өзара жарысқа түссе, күштік құрылымдар арасындағы сайыстар бөлек ұйымдастырылды.
Сонымен үш айға жал­ғасқан спартакиаданың қорытын­ды­сында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында Астана қаласының Қазынашылық департаменті ұжымы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз команда жалпы есепте 337 ұпай жинады. Екінші орынға 316 ұпай еншілеген Астана қаласының Құрылыс басқармасы ие болды. Үшінші орынға Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті табан тіреді. Әсіресе, осы үш команданың арасындағы футбол бәсекесі өте тартысты өткенін атап ай­туға болады. Доп додасында Мем­лекеттік мүлік және жеке­шелендіру департаментінің футболшылары жеңіске жеткен еді. Екінші орынға Қазына­шы­­лық департаментіні қызмет­керлері ие болса, Құрылыс бас­қарма­сының ұжымы қола жүл­дені қанағат тұтқан еді.

ERA_7929
Ал, күштік құрылымдар ара­сындағы бәсекеде Астана қала­сының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент командасы топ жарды. Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті қыз­меткерлері екінші орыннан көрінді. Ал үздік үштікті Астана қаласының Ішкі істер департаменті командасы тү­йіндеді.
Сонымен, Астана қаласын­дағы мемлекеттік мекемелер қыз­меткерлері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Же­ңімпаздар мен жүлде­гер­лерге дипломдар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button