Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлерді марапаттады

ZAH_4308

Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған жиын өтті. Онда аудан әкімі Сәбила Мұстафина осы салада еңбек етіп жүрген мамандарды айтулы күнмен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

– БҰҰ Бас Ассамблеясының 2002 жылғы 57-сессиясының шешімімен 23 маусым «Мемле­кеттік қыз­меткерлер күні» болып бекітілді. Біздің елімізде Елбасының 2013 жылғы «Қазақстандағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» бұйрығына орай аталған мереке ресми мәнге ие болды. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге жүктеліп отырған міндет сал­мақты. Осы салада еңбек етіп жүрген кез келген маман жаңа тұжы­рым­дамаларға сәйкес уақыт талабына сай жұмыс істеп, халықтың сенімінен шығатын жауапкершілігі мол тұлғаға айналуы қажет. Біздің аудан әкімі аппаратында 30-дың үстінде мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Олардың дені – бола­шағынан көп үміт күттіретін
жастар. Сондықтан, барлық­та­ры­ңызды мерекелеріңізбен құттық­таймын!, – деп сөзін сабақтады Сәбила Сапарқызы.
Салтанатты шара аясында аудан басшысы осы салада өз еңбегімен ерекше көзге түскен қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, жұмысқа жаңа қабылданған екі жас маман ант қабылдады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button