Елорда тынысы

Мемлекеттік қызметшілер семинары

Елордада мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті.

Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы өткізген семинарда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары айтылып, діни экстремизмнің алдын алуда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, халықтың деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетін дамыту, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту туралы талқыланды.

Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев семинарды ашып  сөйлеген сөзінде «бүгінгі семинар алдымызға діни экстремизм идеяларының табиғатын, оның себептері мен қарсы тұру тетіктерін терең түсіну міндетін қояды. Біз осы күрделі қиындықтарды жақсы түсіну және олармен күресудің тиімді стратегияларын анықтау үшін білім мен тәжірибе алмасуға ерекше мүмкіндікке иеміз» деп атап көрсетті.

Семинар 2 секцияға бөлінді. Бірінші секцияның отырысы құқық қорғау органдарының өкілдері үшін ұйымдас­тырылса, екінші секция өңірлік және орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін ұйымдастырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button