Қоғам

Мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына  сәйкес, мемлекеттiк қызметшi еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына, зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқылы.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің  шағымдарын қарайды.

Осы орайда, Департаментпен орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың қорытындысымен келіспеуге қатысты мемлекеттік қызметшінің арызын қарастырды.

Арызды қарау нәтижесінде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің атқарған қызметі төмен бағаланғаны расталды.

Департаменттің тиісті әрекеті негізінде мемлекеттік қызметшінің  қызметі қайта бағаланып, тиісті төлемдер төленіп, құқықтары қорғалды және бұзушылыққа жол берген мемлекеттік органға ұсыным хат жолданды.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button