Қоғам

Мемлекеттік қызметтегі корей тәжірибесі

Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің мемлекеттік қызметкерлері Кореяның цифрлы трансформациясы моделін зерделеді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхит аймағындағы 11 елден 30-дан астам жоғарғы және орта деңгейдегі мемлекеттік қызметкер Корея Республикасына сапары барысында озық практикалар және инновациялық шешімдермен танысты.

Бұл іс-шара корей үкіметінің мемлекеттік цифрлы тұғырнамасымен (DPG) және Корея Республикасының киберқауіпсіздік, жеке мәліметтерді қорғау және Жасанды интеллект қолдана отырып, цифрлы қызмет көрсету бойынша тәжірибелерді зерттеуге бағытталған.

Осы сапар – цифрлы трансформация мен цифрлы басқаруды жетілдіру бойынша мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыруға арналған халықаралық жобаның бір бөлігі. Жобаны Корея Республикасы үкіметі қаржыландырып, БҰҰ Даму бағдарламасы және Астана мемлекеттік қызмет хабымен әріптестікте бірге жүзеге асырады.

Қатысушыларға Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) цифрлы үкімет ынтымақтастығы бөлімі директоры  Бёнджун Пак, Корея Республикасы Ұлттық ақпараттық қоғамы агентігі (NIA) президенті Чонсон Хван және Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов жылы лебіздерін білдірді. Сонымен бірге қатысушы-елдер атынан Филиппин ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаменті (DICT) электронды үкімет бойынша хатшы орынбасары Дэвид Альмирол өз пікірін ортаға салды. Бұл шара цифрлы үкімет бастамаларын ілгерілетуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын байқатты.

Алихан Байменов «бұл танысу сапары Корея Республикасындағы цифрлы трансформацияны тек зерделеп қана қоймай, оның тәжірибеде қалай  жүзеге асатынын тікелей бақылауға мүмкіндік береді. Теория мен практиканың осындай үйлесімі – Хаб қызметін әркез ерекше етеді», – деді. Сонымен бірге, спикердің айтуынша, «әр ел өзінің бірегей тәжірибесін ортаға салуы бірлескен талқылаулар ауқымын кеңейтіп, тереңдете түседі».

Үш күндік сапар барысында қатысушылар Сеул, Сэджон және Аняндегі мемлекеттік органдар мен жекелеген ұйымдарда болып, лециялар топтамасын тыңдады, Кореяның цифрлы мемлекетті басқару және «ақылды» қалалар салудағы инновациялар бойынша озық тәжірибелерімен танысты.

Сапар кезінде Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов MOIS цифрлы үкімет және инновациялар бойынша министр орынбасары  Ёнсук Лимен кездесіп, өзара ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мүмкіндіктерін мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен бірге олар мемлекеттік басқаруды цифрландыруға қатысты шешуші басымдылықтарды анықтады.

Іс-шара ауқымында NIA президенті Чонсон Хвангпен де маңызды екіжақты кездесу өтті. Онда тараптар қазіргі әріптестікті дамыту мен оны жақсарту жолдарын қарастырды.

«Цифрлы трансформация мен цифрлы басқаруды ілгерілету үшін мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру» аймақтық жобасына Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан), Кавказ (Армения, Әзірбайжан және Грузия) және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы (Бангладеш, Камбоджа, Лаос, Моңғолия және Филиппин) 12 ел қатысады.

Бұл жобаның жаңа үш жылдық кезеңінде (2024–2026) алдыңғы бірлескен жобаның жетістіктері пайдаланыла отырып,  цифрлы трансформация мен басқаруды ілгерілетуді көздейтін зерттеулер, конференциялар, семинарлар және Корея Республикасына оқыту сапарлары өткізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button