Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер патриоттыққа жетелейді

4 маусым – Қазақстан Рспубликасы Мемлекеттік рәміздерінің күні. Осыған байланысты «Қазтұтынушылародағының» Сауда-экономикалық колледжінде Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбаймен кездесу өтті.

Отанды сүю – Мемлекеттік рәміздерге деген құрметпен астасып жататынын айтқан комитет төрағасы елім деген әр азамат елдігіміздің тірегі болған Мемлекеттік нышандарды қастерлеуге тиіс екендігін атап өтті. Кезінде Әнұранды қалай тыңдау керек деген мәселе көтерілгенде «оң қолды жүрегіміздің тұсына қойып тыңдау керек» деген бастама көтерген депутаттардың бірі – осы Серік Байсейітұлы болатын. «Оң қолды жүректің тұсына апарып, Әнұранды тыңдау – Отаныңды жүрегіңмен сезін, туған жердің қасиетін жүрегіңмен түсін, Отанға деген қызметіңді жүрегіңмен жаса» деген мағынаны білдіретінін жастарға егжей- тегжейлі түсіндірген сенатор тәуелсіз ел екенімізді айшықтайтын да Мемлекеттік нышандар екендігін атап көрсетті.

Кездесу барысында заң шығару және қабылдау ісі де сөз болды. Заң шығарудың күрделілігіне тоқталған сенатор заңдық құжаттарда кеткен бір қателіктің өзі қоғамға үлкен залал келтіретінін, сондықтан ол жан-жақты талқылаудан өтіп, ұзақ қара­латынын жеткізді.

Жүздесу соңында Серік Ақылбай студенттердің сауалдарына жауап берді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button